Жаңалықтар

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

ашық дереккөзі

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста Старбэйз қаласын саламын", — деп жазды кәсіпкер. Масктың айтуынша, жаңа қаланың аумағы SpaceX ғарыш айлағы орналасқан Бока Чика ауылынан едәуір үлкен болады. Өткен жылдың желтоқсан айында Илон Маск Калифорниядан Техасқа көшті. Миллиардер Техаста жаңа Tesla зауыты салынып жатқанын түсіндіріп, Калифорния билігінің кәсіпкерлерге қатысты саясатын сынға алды. Масктың айтуынша, бұдан бұрын басқа кәсіпорындар сияқты авиациялық компаниялар да өз қызметін Калифорниядан басқа штаттарға ауыстырған. Техас штатының астанасы Остин қаласында Tesla және оның стартапы Boring Company-дың бөлімшелері орналасқан, ал SpaceX нысаны Бока-Чика жағалауындағы ауылда орналасқан. Қоныс аударғанға дейін Лос-Анджелес кәсіпкердің негізгі тұрғылықты жері болып саналды. Масктың көшу туралы шешімді Калифорнияда табыс салығы жоғары болғандықтан қабылдауы мүмкін, ал Техаста миллиардтаған долларды үнемдеуге мүмкіндік туады.