Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ
ашық дереккөзі
Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы ұйымдастыратын әлемдегі алғашқы жеке ғарыш саяхаты. ҚазАқпараттың KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, Zozo Inc. сәнді киімдер интернет-дүкенінің негізін қалаған Маэдзава 10-12 адамнан құралған топқа мүше болу үшін өтініш тастап жатқандарға бұл ғарыш саяхатының кез келген шығармашылықтың шекарасын кеңейтуге септесетінін айтты. Ол YouTube арнасына ағылшын және жапон тілдерінде екі видео жариялап, dearMoon жобасы командасының әлеуетті мүшелері команданың басқа өкілдерін қолдауға «дайын және қабілетті» болуы керек екенін айтты. Айға бару, оның айналасында жүру және қайту жалпы алты күнге созылады, Маэдзава экспедиция ақысын жеке саяхат ретінде өзі төлейді. Өтініштер 14 наурызға дейін қабылданады.