Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында 1103 коронавирус жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 263 немесе 23,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында 840 жағдай, яғни 76,2% көрсеткен», – деді С.Бейсенова. Сонымен бірге, 1 ақпаннан бастап қалада медицина қызметкерлерін, 1 наурыздан бастап – педагогтар мен күш құрылымдары қызметкерлерін вакциналау басталды. Бүгінде 1 компонентпен – 2241 адам, 2 компонентпен 824 адам қамтылған. Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 инфекция жағдайы тіркеледі, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде. Қалада көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар 24,8% құрайды. 50 жастан асқан адамдар – 23,5 % болса, балалардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлесі – 14,9%.