3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар
ашық дереккөзі
2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою рәсімі өтті. Бұл күн ел тарихының шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Бұдан өзге, 2010 жылы 3 наурызда қазақстандық жазушы Герольд Бельгерге Германия мен Қазақстан халықтарының арасындағы өзара түсіністікті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Германия Федеративтік Республикасына сіңірген еңбегі үшін» ордені табыс етілді. Бұл орден Герольд Бельгердің халықтар достығына қосып отырған еңбегіне Германия тарапынан берілген жоғары баға болды. Герольд Бельгер неміс, орыс, қазақ тілдерінде қатар жазған жазушы. 2010 жылы Астанадағы «Астана-Тауэр» ғимаратында Финляндияның Қазақстандағы елшілігі ашылды. Микко Киннунен Финляндияның Қазақстан Республикасындағы бірінші Елшісі болып тағайындалды. Финляндия Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылғы желтоқсанның 30-ында мойындады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 13-інде орнатылды. 2014 жылы Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен «Жыл спортшысы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Оған диплом мен мүсінше сыйға тартылды. 2017 жылы велоспорттан Қазақстан құрамасы Бахрейнде өткен Азия чемпионатында ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Біздің спортшылар жарыста 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. 2017 жылы Қытайдағы «I am a singer» жобасында зор жетістікке жеткен Димаш Құдайберген ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты атанды. 2018 жылы елдің жоғары білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін академик Төрегелді Шарманов Ахмет Байтұрсынов орденімен марапатталды.