Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз.

«2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке қарсы күрес бөлімінің байланыс қызметіне Екібастұз қаласы, Астана көшесі 32Б мекен-жайында жолаушылар вагонының өртенгені туралы хабар келіп түсті», – деп хабарлады Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

66b52be9 cc40 403a 99dd ecf795f9a785

«Екібастұз моторлы вагон депосы» ЖШС-нің ашық аумағында теміржолда металдан жасалған жолаушылар вагонының жанатын бөлшектерінің барлығы жанып кеткен. Жалын 73 шаршы метр аумақты шарпыды», – делінген ведомство хабарламасында.

Back to top button