Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында қолға түскен. Сондай-ақ, сарыағаштық полицейлер мал ұрлығын жасаған мал союшы мен мал сатып алушы санатында тұрған 5 адамды ұстаған. Аудан көлемінде мал ұрлығын болдырмау мақсатында түнгі уақытта полицейлерден жедел мобильді топтар құрылған. Нәтижесінде қала шетіндегі 120 мал қора тексеріліп, мал тасымалдаумен айналысатын 15 автокөлік қаралған. «4 автокөліктің малды құжатсыз тасымалдағаны үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабымен әкімшілік шара қолдану мақсатында аудандық ветеринариялық қызметке жолданды. Бұдан бөлек, «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізуде», – делінген хабарламада.