«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

3 наурыз, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі. Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі – 5%; Бастапқы жарна – 10% Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады. Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді. Қай санаттағы азаматтар қатыса алады? Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады. Мысалы, былтыр мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады. Негізгі талаптар: