Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі.
Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі – 5%; Бастапқы жарна – 10%
Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады.
Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді.
Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
Медицина қызметкерлері;
Білім беру қызметкерлері;
Мәдениет қызметкерлері;
Спорт қызметкерлері;
Жоғары оқу орны қызметкерлері;
Әлеуметтік сала қызметкерлері;
БАҚ қызметкерлері;
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады. Мысалы, былтыр мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады.
Негізгі талаптар:
Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау;
Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;