Жаңалықтар

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

ашық дереккөзі

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып сайлануымен құттықтады. – Қазақстанға қош келдіңіз. Қырғызстан халқы өткен сайлауда Өзіңізге үлкен сенім білдірді. Халқыңыздың жарқын болашағы жолындағы жұмысыңызға табыс тілеймін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Елбасы тәуелсіздік жылдары бауырлас екі ел арасында қол жеткізілген ынтымақтастық пен серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті.