Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш. 

15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық капиталы 3,5 триллионнан 14,7 триллион долларға дейін өсті. Әлемдегі ең бай адам — 197 миллиард долларлық байлығы бар SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск. Одан кейінгі орында — Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос (189 миллиард доллар). Louis Vuitton moët Hennessy президенті Бернар Арно (114 миллиард доллар) үшінші орында тұр.

Дәулетті адамдар рейтингін әрі қарай Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс (110 миллиард доллар), Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг (101 миллиард доллар) және Berkshire Hathaway басшысы Уоррен Баффет (91 миллиард доллар) жалғайды.

Қытай миллиардерлер саны бойынша көшбасшылығын сақтап қалды. Егер АҚШ-та 696 бай адам тұрса, ҚХР-да олардың саны 1058-ге жетті (бір жыл бұрынғыға қарағанда 259-ға көп). Қытай мен АҚШ байлары әлемдегі барлық миллиардерлердің жартысынан көбін құрайды. Үшінші орында —177 миллиардері бар Үндістан.

Әлемдегі миллиардер әйелдердің саны 231-ге жетті, олардың 60 пайыздан астамы Қытайда тұрады.

Ресей рейтингтің жетінші қатарында. Елде 85 миллиардер тұрады (олардың жалпы байлығы — 393 миллиард доллар). Зерттеу көрсеткендей, дәулетті ресейліктер үшін ең тиімді сала — энергетика және металлургия.

Back to top button