Жаңалықтар

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

ашық дереккөзі

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген, бұл оның бастапқы бағасынан төрт есе қымбат. https://youtu.be/kRdoPeWbgd8 "Көптеген адамдар оның сурет салғанын білмейді, ол әуесқой суретші болған. Ол шамамен 500-ден астам туындының авторы. Бұл Черчилльдің Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде салған жалғыз картинасы", - дейді Николас Орчад, Кристидің аукцион үйіндегі қазіргі заманғы Британдық өнер бөлімінің бастығы. Кутубия мешітінің мұнарасы 1943 жылы марракеште Гитлерге қарсы коалиция елдері басшыларының құпия келіссөздерінен кейін салынған.