Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды
Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды
Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО) қарсы қорғайды, деп хабарлайды RingPolska.
Жекпе-жек 7 мамырда Техас штатында (АҚШ) өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында АҚШ-та өткізді, ол кезде поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, рекорд жаңартты, 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғады.