Жаңалықтар

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза тапқанын хабарлады. Екі пәтерлі үйде өрт шыққанын куәгер хабарлаған.

Бала үйде жалғыз қалған, ата-анасы жергілікті ЖШС-де жұмыс істейтіні белгілі болды. Ақпарат бойынша, үйдің қабырғалары қамыстан жасалған соң оңай тұтанып кеткен. Өрт ас үйден шыққан, алдын ала болжам бойынша, тосын жайдың себебі пеш болған.