“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті
“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті
Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген.
Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ продюсері Қыдырәлі Болман айтты.
Баспасөз жиынына топ мүшелері Серік Сансызбаев, Әсел Исаева, Максим Кичигин, Рүстем Баекеев, Жанболат Әділов, Әли Ибрагимов қатысты.
“Ұлытау” тобы Лос-Анджелесте өткен DJOOKY Music Awards халықаралық музыкалық байқауында рок/металл санаты бойынша жеңіске жетті. Топ Махамбет Өтемісұлының “Жұмыр Қылыш” күйін орындаған.
Байқауға әлемнің 83 елінен 13 музыкалық бағыт бойынша мыңдаған музыканттар қатысқан.
Қыдырәлі Болман Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы бірінші орын алуға мүмкіндік бергенін айтып, қала тұрғындарына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Қазақстан халқының бірлігі мен ынтамақтастығы бірінші орын алуға мүмкіндік берді, – деді ол.
Сонымен бірге спикерлер онлайн форматта дайындық өткізу және осындай іс-шараларға қатысу қиынырақ екенін айтты.
DJOOKY Music Awards-әлемдегі ең ірі онлайн музыка жобасы. Байқаудың мақсаты – дүниежүзінен таланттарды анықтау және оларды таныту үшін желінің мүмкіндіктерін қолдану. Осылайша, музыка индустриясын демократияландыру.
Байқау жеңімпаздары туындыны Сapital Studios музыкалық орталығында (АҚШ, ЛА) танымал америкалық продюсер Брайан Малуфпен жазу құқығына ие болады.
Байқау қорытындысы аралас форматта шығарылды: 50% – көрермендердің дауыс беруі, 50% – американдық продюсер Брайан Малуфтың шешімі.