Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті
ашық дереккөзі
Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге мәжбүр. Бразилияның Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық кеңесінің мәліметі бойынша, соңғы 1 айда коронавирустан күн сайын мыңға тарта адам көз жұмуда. Сондай-ақ ақ халаттылар вакциналаудың баяу жүріп жатқанына наразы. 210 миллион халықтың осы сәтке дейін тек 4 пайызы ғана екпе алған. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушыға түскеніне наразылық білдірген медицина мамандары мемлекетке адамдардың өміріне бейжай қарамайтын басшылық керек дейді. Ал Бразилия президенті Жаир Болсонару «үйден шықпа, ал экономиканы кейін қалпына келтіреміз» деген саясат мемлекетті орға жығатынын алға тартып отыр. Оның айтуынша, бастап штатындағы жұмыс орындарын жапқан әр губернатор тұрғындарға шұғыл көмекті өзі береді. Бразилия індет жұқтырғандар саны жөнінен әлемде үшінші орында тұр. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, елде пандемия басталғалы 10,6 миллионға тарта адам коронавирус жұқтырған. Індет құрбандарының саны 255 мыңнан асып жығылды.