Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы "Болашақ" халықаралық стипендиясы" бағдарламасы аясында Ұлыбританияның​ Рединг университетін «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист", Кореяның Аджу университетін​ "экономика және бизнес магистрі" мамандығы бойынша​ тәмамдаған.​ Еңбек жолын "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып​ бастаған. Әр түрлі жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің инвестициялық жобалар және​ қаржылық құралдар департаментінің инвестиция басқармасының басшысы болды,​ ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық​ және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық​ басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын,​ Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды. 2020 жылы Ермек Кенжеханұлы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірді. Аталмыш​ лауазымға тағайындалар алдында Мәртөк ауданының әкімі болды.