Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ермек Кенжеханұлы «Болашақ» халықаралық стипендиясы» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның​ Рединг университетін «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист», Кореяның Аджу университетін​ «экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша​ тәмамдаған.​

Еңбек жолын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның несиелік өнімдерді әзірлеу департаментінің менеджері болып​ бастаған. Әр түрлі жылдары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің инвестициялық жобалар және​ қаржылық құралдар департаментінің инвестиция басқармасының басшысы болды,​ ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің халықаралық ынтымақтастық​ және экономикалық интеграция департаментінің халықаралық ынтымақтастық​ басқармасын, Ақтөбе облысы сыртқы байланыстар және туризм басқармасын,​ Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды.

2020 жылы Ермек Кенжеханұлы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірді. Аталмыш​ лауазымға тағайындалар алдында Мәртөк ауданының әкімі болды.

Back to top button