Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қосу жолымен екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және синдикатталған қарыздар арқылы ауыл шаруашылығы секторына кредит беру мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр», – деді министр. Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды кеңейту және жастар үшін ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. «Сондай-ақ, барлық агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылатын болады», – деді министр.