Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, – деп жазды Ranking.kz. Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды, оның үлесі 69,8 пайызды құраған. Одан кейін тізімде – Pinterest (11,9%), Twitter (9,5%), YouTube (4,9%) және Instagram (2,6%) тұр. Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желі ретінде Pinterest (32,7%) көш бастап тұр. Үздік «бестікке» сондай-ақ YouTube (20,4%), «ВКонтакте» (14,9%), Facebook (13,5%) және Twitter (11,3%) кірді. Қазақстандықтар үстел үстіндегі құрылғылар – дербес компьютер, ноутбук және моноблоктарда отырып, ең көп кіретін әлеуметтік желілер – Рinterest, YouTube және «В Контакте». Планшеттерден ең көп кірілетіндер арасында Pinterest, Facebook және YouTube бар, бұл «үштік» сондай-ақ смартфон иелерінің үлкен сұранысына ие, алайда бұл топта YouTube танымалдылық жағынан екінші орынға шыққан. Play Market қосымшалар дүкенінің мәліметінше, Pinterest-тің бүкіл әлем бойынша пайдаланушылары қосымшаны 5 жұлдыздың ішінен 4,6-ға бағалады. Одан кейін тізімде 4,2 жұлдыз жинаған YouTube және Twitter тұр. Facebook 4,1, ал «В Контакте»  3,4 жұлдызға бағаланған.