Ауыл тұрғындары 6 миллион теңгеге дейін несие алуына болады

Ауыл тұрғындары 6 миллион теңгеге дейін несие алуына болады

Ауыл тұрғындары 6 миллион теңгеге дейін несие алуына болады
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша микронесиелеу көлемі ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің сайты. Министрдің мәліметінше, ағымдағы жылы азаматтарға несие түрінде ұсынылған қаражат көлемі өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда шамамен үш есеге өсіп, 30,8 миллиард теңгені құрады. "Ағымдағы жылы адамдар алдыңғы жылға қарағанда несиенің үлкен көлемін алуы үшін схемаларды өзгерттік", - деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі. Өзгерістерге сәйкес, енді шағын кәсіпкерлікті ынталандыруға бір шағын несиенің мөлшері, оның ішінде ауылдық жерлерде 3-тен 6 миллион теңгеге дейін өсті. Сәйкесінше, бөлінген қаражаттың жалпы көлемі де ұлғайды. "Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге 30 миллиард теңгенің 10 миллирды дәл осы жобаға бөлінген. Онда шағын несие алған әр азамат, сол несиемен немесе өз капиталымен ауыл шаруашылығы кооперациясына кіріп, оның қатысушысы бола алады", - деп түсіндірді Дүйсенова. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің болжамынша, жалпы ағымдағы жылы несиелеу көлемінің ұлғаюын ескергенде 9 мыңнан астам адам несие алады.