Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды
ашық дереккөзі
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз сыйақы алып отырғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.