Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшейюі, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшейюі күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.