Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады
ашық дереккөзі
Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, санкцияны енді еуропалық министрлер мақұлдауы тиіс. Бұл шектеу Навальдыйды тұтқындауға қатысы бар адамдарға салынады. Оларға адам құқығын бұзды деген айып тағылған еді. 22 ақпанда Еуроодақ Кеңесі осы іске қатысты Ресей азаматтарына қарсы санкция енгізу туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін одақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Брюссель бір апта ішінде Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар дайындайтынын мәлім еткен еді. 2 ақпанда Мәскеудің Симоновский соты Навальныйдың шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстырды. Оппозиционер «Ив Роше» ісі бойынша айыпты болып шықты. Навальный шартты үкімнен кейін 60 мәрте қоғамдық тәртіпті бұзды деп танылды. Енді ол колонияда 2 жыл 8 ай жазасын өтейді.