Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады. Онда төбелескендерді полиция қызметкерлері мен ер адамдар ажыратуға тырысып жатыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бейнежазбаның тексерілгенін хабарлады.

«Бұл дерек ҚР ӘҚБтК 73-бабы «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша тіркелді», – деп хабарлады ведомстводан.

Back to top button