Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді
ашық дереккөзі
Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімінен 3 техника мен 16 қызметкер күшімен жалын толық өшірілді. Оқиға салдарынан 2020 жылы дүниеге келген нәресте мерт болды. Балалардың анасы, 1993 жылғы әйел бірінші дәрежелі көмір қышқыл газына улану және сол жақ білектің және екі алақанының термиялық күйік шалу диагнозымен қалалық ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күні жағдайы бірқалыпты. Зардап шеккен көпбалалы отбасы әкімдік тарапынан, кәсіпкерлердің қолдауымен 1 айға жететін азық-түлік, мектепке қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өрт салдарынан нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына барып, көңіл айтты. Аймақ басшысы үй иелерін жаңа баспанамен құттықтап, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етті. «Қайғының орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы, Сыр елі үшін бұл ауыр қаза болды. Көзге көрінген балаларымыз аман болсын», – деді облыс әкімі.