Жас кәсіпкерлерге арналған жаңа жоба басталады

Жас кәсіпкерлерге арналған жаңа жоба басталады

Жас кәсіпкерлерге арналған жаңа жоба басталады
ашық дереккөзі
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының конференц залында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамаларының» ашылуы өтті. Жобаның ашылуына жас кәсіпкерлер, шараның ұйымдастырушылары және серіктестері, сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» өкілдері қатысты. «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-нен шілденің 3-ші аралығында Астана қаласында өтеді. Тағылымдамалардың қатысушылары – жіберілген өтінімдер бойынша іріктелген жас кәсіпкерлер. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады. ofitsialnoe-otcrytie