Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті
ашық дереккөзі
Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде жүк көлігі жер астына Алматыдағы Қажымұқан көшесінде түсіп кеткені хабарланған. Кадрлардан көліктің жартылай жерге кіріп кеткенін көруге болады. Алматының жедел медициналық жәрдем баспасөз қызметі мәліметінше, жүк көлігі жүргізушісінің миы шайқалып ауруханаға түскен. "Оның ми зақымданған, сондай-ақ кеудесі жаралы. Жағдайы орташа ауыр. № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Алматы ТЖД мен полиция департаменті өкілдері оқиғаға кейінірек түсінік беруге уәде етті.