Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Әуе компанияларының табысы 41% азайды
ашық дереккөзі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі былтырғымен салыстырғанда 19,6 млрд теңгеге – 40,8% азайды. Оның ішінде жолаушылар тасымалынан түскен табыс 17,9 млрд теңге болса, жүк тасымалынан 1,7 млрд теңге кіріс кірген. Былтыр қаңтарда кіріс 33,1 млрд теңге болып, жылына 31,3% артқан еді. Биыл қаңтарда елімізде 592,1 мың адам тасымалданды, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 14,1% аз. Жолаушылар айналымы жылына 38,7% қысқарып, 845,7 млн жолаушы болды.