Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда
ашық дереккөзі
Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді.

Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс айту.

Тікелей эфир барысында созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан журналист Бағдат Мұхтарұлына көмек көрсетіледі.

«Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылып отырған «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафоны таңғы сағат 09.30-дан кешкі 21.30 аралығында 5 мәрте тікелей эфирге шығады. Ұлттық арна мен Қазақ радиосының әлеуметтік жобалары арқылы көмекке жүгінетіндер көп. Qazaqstan телеарнасы күні бойы 5 адамның еміне қаржы жинап беру туралы шешім қабылдады. Бұл ретте айта кетерлігі, телеарна қаржы жинаумен айналыспайды. Көрермен жіберетін ақша тікелей эфирде көрсетілген кейіпкерлердің есепшотына түседі. Біздің мақсатымыз –қайырымды жандар мен денсаулығына байланысты қаржылай қолдауға мұқтаж жандар арасында көпір орнатып, қолұшын созу, демеу болу», – деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай. Қайырымдылық телемарафоны бүгін Qazaqstan ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосының әуе толқынында тікелей эфирде жүріп жатыр.

Бағдат Мұхтарұлының атына ашылған есепшот: KASPI GOLD: 5169 4971 5975 9327 KZ08 722C 0000 2867 5929