Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады
ашық дереккөзі
«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын басталды. 35 медициналық мекеменің ұжымдары жеті күн ішінде бір-біріне бейне-эстафета беріп, туған еліне, қазақстандықтарға және ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірді. Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күні аясында өтіп, бүгін, 1 наурызда аяқталады. «Осы тамаша күні пандемия кезінде жанқиярлықпен өз борыштарын атқарып, жақындарымыз бен туыстарымыздың өмірін құтқарып қалған әріптестеріме үлкен алғысымды білдіргім келеді», - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.