«Болашақ» халықаралық стипендиясының маңыздылығы

«Болашақ» халықаралық стипендиясының маңыздылығы

«Болашақ» халықаралық стипендиясының маңыздылығы
ашық дереккөзі
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы аясында жас кәсіпкерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, «Naimi.kz» компаниясының иемденушісі Қаирбеков Ұланмен кездесті. Қаирбеков Ұлан, Сингапур мемлекетіндегі  Nanyang Technological университетінде білім алып, кейіннен Қаржы Министірлігенде жұмыс жасаған. Кездесу барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясының маңыздылығын атап өтіп, шет елде алған білімі мен  тәжірбиесімен бөлісті.  «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-нен қазан айының 2-сі аралығында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтуде. Тағылымдамалардың қатысушылары – жіберілген өтінімдер бойынша іріктелген жас кәсіпкерлер. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады. img_2887