Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды
ашық дереккөзі
Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын арнайы комиссия шұғыл брифинг өткізіп, алғашқы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Орын алған қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс ашылып, алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу нәтижесінде, жауапты тұлғалардың кінәсі анықталатын болса, заң аясында жауапкершілікке тартылады. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов және басқа да қала өкілдері жерлеу рәсіміне қатысуда. Жерлеуге байланысты және басқа да материалдық шығындар толықтай өтелетін болады. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан қайғылы жағдайға ұшыраған отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай. Белгілі болғандай, облыстық мемлекеттік қызметшілер көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударуға ниет білдіріп отыр. Оқиға орнын Төтенше жағдай, Полиция, Газ қызметкерлерімен тексеру барысында үйдің 3 бөлмеден тұратыны, үйде камин түріндегі пеш (Иран пеші) орнатылғаны анықталды. Пеш орнатылған бөлме үйдің ортасында орналасқан, екі жағында екі бөлме болған. Бұл туралы құзырлы орган басшылары өткізген брифингте белгілі болды. Үй табиғи газға қосылған, ешқандай өрт белгілері анықталған жоқ. «Пешті мұқият тексеру барысында орнатылған пешке гофрленген бұрғыш қосылғаны анықталды. Ол жану өнімін пештен 1,5 метр қашықтықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарылған. Сыртқы жағынан гофрленген Розетка 5-7 см ғана құрайды, осылайша қатты желдің әсерінен пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал етіп улы газ бөлме ішіне тарауына әкеп соғуы мүмкін», – деді облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.