COVID-19: Елорда "сары" аймаққа енді

1 наурыз, 2021 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
COVID-19: Елорда "сары" аймаққа енді ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлады. «Сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр. Өзге өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта.