Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді
ашық дереккөзі
Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан зардап шеккен тағы 6 адам жедел түрде ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.
Құзырлы органдар мәліметіне сүйенсек, Ақтау тұрғыны көршілеріне ескертпей өз пәтерін «Квикфос» дәрісімен (жәндіктерді жоюға арналған) зарарсыздандырған. Салдарынан көрші пәтерлердің бірінде анасы мен қызы қайтыс болды. Аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.
Іс ҚР ҚК-ның 304-бабы 4-бөлігіне сәйкес Ақтау қаласының полиция басқармасына тіркелді. Пәтер иесі анықталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.