Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты
ашық дереккөзі
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және күш-жігерімізді бөлмейміз. Оның орнына біз бұрын-соңды болмағандай біртұтас боламыз", - делінген телеарна жариялаған Трамп сөзінің үзіндісінде. Трамп саяси консерваторлар конференциясында (CPAC) сөз сөйлеуі керек. Бұл оның президенттік мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұрт алдында алғашқы сөйлеуі болмақ.  Ол республикашыларды бірлікке шақырады, сонымен қатар қазіргі президент Джо Байденнің саясатын, оның ішінде көші-қон саласындағы әрекеттерін сынайды деп күтілуде. Бұған дейін АҚШ-тың республикалық сенаторы Митт Ромни Трамптың 2024 жылы президенттікке үміткер болу мүмкіндігін бағалады. Оның айтуынша, егер Трамп осындай шешім қабылдаса, Республикалық партия оның кандидатурасын қолдайды. Ромни өзі Трампқа дауыс бермейтінін, соңғы рет дауыс бермегенін айтты.