2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды
ашық дереккөзі
2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы да алты таңбалы "123456" коды болды. Сондай-ақ, қарапайым сандар тізбегінен тұратын құпиясөздер жиі қолданылған: "12345", "123456789" немесе "000000". Сонымен қатар,  «password» и «пароль» құпиясөздері кең танымал. Бір айта кетерлігі, рейтингтің негізгі ондығында айтарлықтай өзгеріс бар. Атап айтқанда, QWERTY әріптерінің тіркесіміне негізделген құпиясөздердің ондаған нұсқалары жойылды, ал олардың орнына "asdasd" және "asdfghjkl"келді. Сондай-ақ, "мен", "махаббат" және "сәлем" құпиясөздерінің қолданысы артқан. Пайдаланушылар 2020 жылы көбінесе коронавирусқа қатысты құпиясөздерді ойлап тапты: сарапшылар "covid19", "корона", "epidemic", "COVID19_Access", "pandemic", "coronavirus" сөздері жиі қолданыла бастағанын атап өтті.