1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
ашық дереккөзі
Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Елбасы бұл күнді Қазақстандағы халықтардың бір-біріне және қазақтарға түрлі этностар елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды.           Сондай-ақ, 1 наурыз егемен еліміздің өмірінде бірқатар елеулі оқиғалармен есте қалды.  1993 жылы Алматыдағы Космонавтар көшесі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы көше болып өзгерді. 1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің резиденциясында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке «Алтын Жұлдыз» бен «Халық Қаhарманы» атағын беру туралы куәлікті табыстады. Осындай наградаларды сондай-ақ Т.Мұсабаев пен Ю.Маленченко алды, сонымен бірге оларға «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы берілді. 1999 жылы «Отан» Республикалық партиясы құрылды. 2006 жылғы желтоқсанның 22-сіндегі кезектен тыс X съезінде бірнеше партияның бірігуімен «Отан» партиясы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына айналды. 2013 жылдың 18 қазанында атауы «Нұр Отан» партиясы болып өзгерді. 1999 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Актюбинск қаласының атауы Ақтөбе болып өзгертілді. 2005 жылы Шетелдік зерттеулер университетінде (Корея Республикасы) алғаш рет қазақ тілі бөлімшесі ашылды. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жасады. 2011 жылы Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ҚР қоғам және мемлекет қайраткері, академик Өмірбек Жолдасбековтің ескерткіші ашылды. 2013 жылы ҚР Ұлттық банкі қазақ композиторы, дирижер, педагог және қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған 50 теңгелік ескерткіш монета шығарды.