Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді
ашық дереккөзі
2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері және «Омбы қазақтары» газетінің редакциялық алқа мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстанның Омбы қаласындағы Консулдығы. Іс-шара барысында Омбы облысында тұратын қандастарымыздың Ана тілін үйрену мәселелері, бірлескен жобалар және басқа өзекті мәселелер талқыланып, қазақ тілін онлайн форматта оқу мүмкіншіліктері кеңінен таныстырылды. Кездесу соңында Консулдықтың басшысы Ырысқали Дәуренбек шара қатысушыларын ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, қазақ тілін дамытуға және оның қолданыс аясын кеңейтуге, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін насихаттауға қосқан үлестері үшін мұғалімдер мен «Омбы қазақтары» газетінің редакциялық алқа мүшелеріне алғыс хаттарды табыс етті.