Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды
ашық дереккөзі
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір нұсқасы мен ислам әлеміне әйгілі он бір шайықтың есімі жазылған мөр табылды», – деп хабарлайды newsroom.kz Түркі әлеміне кең танымал ислам ғұламасына тиесілі бұл мұраларды Ясауидің ұрпағы, Өзбекстанның Наманган қаласында тұратын Шарифхужаев Ибрахимжан қажы сақтап келген көрінеді. Ибрахимжан ақсақал Түркістан қаласында дүниеге келіп, Ахмет Ясауи кесенесінің жанында өмір сүріпті. Алайда кеңес өкіметі орнап, атеистік саясаттың кесірінен діни адамдар қудаланғанда Икрамжан 10 жасында анасы екеуі бас сауғалап, Наманганға кетіп қалуға мәжбүр болған. Әкесінен ерте айырылған ол ата-балаларынан жеткен Насабнама (қожалар әулетінің шежіресі) мен мөрді сақтау жолында небір қиындықтарды бастан кешірген. Қайыбір кездерде қараңғыда жасырынып жүріп, бабаларының мұрасын жұрт көзінен таса жерлерге көміп, тығып қойған кездері болған. Икрамжан ақсақалдың әкем Түркістанда, анам Наманганда жерленген екен. Ясауи ұрпағының қолындағы шағатай тілінде жазылған Насабнаманың  ұзындығы – 2,5 метр. Дегенмен оның қай ғасырда жазылғаны белгісіз.  жататыны әзірше белгісіз. Діни ғұлама Ибрахимжан қария сегіз ұл, үш қыздың әкесі, сондай-ақ олардан тараған немере-шөберлердің атасы. Ұрпағы Қожа Ахмет Ясауи ұрпақтары екенін мақтанышпен айтады. Ал үлкен ұлым діни ілімді меңгеріп, әкесінің жолымды жалғастырып жүр. Икрамжан қажы өз үйінің бір бөлмесін Қожа Ахмет Ясауи мен Түркістан қатысты мұражайға айналдырған. Онда Ясауидің шежіресіне қатысты Насабнаманың көшірмесі мен мөрін және Түркістанға қатысты суреттер мен кітаптар қойылған.