Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?
ашық дереккөзі
  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз жүруге тыйым салынған деп көрсетілген. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұны жалған ақпарат ретінде жоққа шығарды. «Интернетте Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «ресейлік көлік құралдарын  сенімхатсыз басқаруға тыйым салатын шешімі» туралы ақпарат таратылады. Сіздерге бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Бас прокурор мақұлдаған құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта орналастырылған. Сондықтан арандатушылыққа берілмеуді және тек ресми дереккөздерге сенім артуыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Ал Stopfake порталы жалған фотосуреттегі мөрдің орта мектепке тиесілі екенін анықтаған. «Сондай-ақ мәтінде құжат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған деп жазылған, бірақ ондай құжат жоқ», – деп жазады аталған портал. Сонымен бірге жалған бұйрық мәтінінде стилистикалық және грамматикалық қателер көп. Елдің Бас прокуратурасының атынан жалған мәлімет таратып жүргендер кім болды екен?..