Жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

ашық дереккөзі

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының жаңа ғимаратында өткен мерейтойлық жылдың салтанатты ашылуына ресми тұлғалармен, мәдениет және ғылым қайраткерлерімен, Алматы және Жамбыл облыстарынан келген делегация өкілдерімен бірге қатысты. Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі: – Жамбыл атамыздың 175 жылдығына арналған іс-шараны облыс көлемінде тойлауды қаңтар айынан бастап кеттік. Ал республика көлеміндегі алғашқы іс-шара бүгін ұйымдастырылып отыр. Біле білсеңіз, атаның өзі тұрған үйі бір жылдан кейін музейге айналды. Атамыздың туғанына биыл 175 жыл толса, музейіміздің ашылғанына биыл 75 жыл болды. Бүгінгі іс-шараға атаның киген киімдерін, қолданған заттарын, алған сыйлықтарын жұртшылық білсін, көрсін деген мақсатпен осында алып келдік. Жалпы, біздің музейдегі бағалы заттардан көрме ұйымдастыру ісі тек бас қаламен шектелмейді. Бізді Көкшетау, Атырау, Қызылорда облыстарындағы музей меңгерушілері шақырып жатыр. Сонымен қатар, республика бойынша Жамбыл атындағы мектептерде онлайн режимде байланыс орнатудамыз. Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор: –Бүгінгі мерейтой– елдегі бір жақсылықтың белгісі. Себебі былтыр Абайдың 175 жылдығын тойлау кезінде мұндай кеш өткізуге, көп адам жинауға мүмкіндік болмады. Ал қазір елдің барлық өңірі қауіпті қызыл аймақтан шығып, көктемнің самалы ескелі тұрған жақсы шақта ұлы Жамбылдың тойы басталғалы жатыр. «Ұлы Жамбыл» деген сөз баяғы штамптардың, стандарттардың қайталануы емес. Жамбыл заман ауысқан кезде уақыт сынына қайтадан түсті. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Жамбыл мұрасына сыни көзқарас күшейді, өзі сүрген заманды көтере мақтап, саясаттың сойылын соққан ақын деген пікірлер көп айтылды. Бірақ уақыт өте келе, көпшіліктің Жамбылдың шын мәнінде эпик-ақын, бүкіл бір заманның сөзін жеткізген, сол дәуірдің шындығын ашқан сөз зергері екеніне көзі жетті. Жамбылдың өз заманының көсемдеріне арнаған жырларының көркемдігі қайран қалдырады. Оның сыртында ақынның айтыстары, қисса-дастандары да ерекше. 1996 жылы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып жүргенімде Санкт-Петербургте ұйымдастырылған Жамбыл туралы кешке қатыстым. Сол кештің соңында Ресей Мемлекеттік Думасының бір депутаты «Бала күнімда анам мені Жамбылдың «Колыбельная» әнімен ұйықтататын» деді. Қазақ ақынының өлеңі өзге елдің бесік жырына айналуы деген ғажап нәрсе! Осылайша, Жамбылды қай жағынан қарасақ та, керемет тұлға екенін байқаймыз. Ең қиын жылдарда халықтың сөзін сөйлеп, қазақтың даңқын асқақтатқан ұлы бабамызды қалай құрметтесек те жарасады. Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы: