Жаңалықтар

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы республикалық «Нартәуекел» газетінде тілшілік қызметтен бастаған. 1999 жылы қалалық «Шымкент келбеті» газетінде, 2000 жылдан бастап «Отырар» телеарнасында журналист болып қызмет атқарған, спорттық «Топжарған», қылмыстық «Оқиға ізімен» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі. 2001-2006 жылдары «Астана» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, апталық ақпараттық-сараптамалық «Үш ширек», «Ашық әңгіме» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі және 2006 жылы «31 арна» Астана қосынының тілшісі болып еңбек еткен. 2007 жылы «MARMILAT» жарнама агенттігінің директоры қызметін атқарған. 2008 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ жаңалықтар қызметінің жүргізушісі; 2010-2013 жыл аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ апталық ақпараттық-сараптамалық «Аptа.kz» бағдарламасының жүргізушісі; қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлімінің жетекшісі; «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерінде болды. 2013 -2017 жылдары «BAQORDA media group» ЖШС Бас директоры, 2017-2018 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры, 2018-2019 жылдары «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ы вице-президенті, 2019-2021 жылдары «Город Кино» ЖШС-нің бас продюсері, 2021 жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін «Астана» радиосының директоры қызметін атқарған.