Жаңалықтар

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ашық дереккөзі

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол букмекерлік қызмет саласы мүддесіне лоббиі мен жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлға құрылтайшысынан пара алу күдігіне ілінді», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров брифинг барысында. Оның айтуынша, сот санкциясымен пара алушы мен пара берген күдікті қамауға алынды. «Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды», – деді Данияр Бекайдаров. Еске сала кетсек, жақында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол 2020 жылы мамыр айында ғана  Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалған болатын.