Винсент Ван Гогтың "Монмартрдағы көше көрінісі" картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың "Монмартрдағы көше көрінісі" картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың "Монмартрдағы көше көрінісі" картинасы сатылымға шығарылды
ашық дереккөзі
Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда және Францияда көрме ұйымдастырылмақ. https://youtu.be/n0vqShgntIg   Винсент Ван Гог картинаны 1887 жылы ағасымен Парижде болған кезде салған. Онда Париждің тағы бір әлемге әйгілі символы - "Мулен де ла Галетт" диірмені бейнеленген. Бірегей картина 1920 жылдан бастап көрермен назарына ұсынылған жоқ, тіпті ол туралы бұқаралық ақпарат құралдары да жазған жоқ, өйткені ол жеке коллекционердің қолында болды. Ван Гогтың туындыларының көпшілігі әлемдегі ең танымал мұражайларға қойылған. Sotheby's аукционының мамандары бұл - жылдың ең елеулі оқиғаларының бірі болады деп санайды. Аукцион 2021 жылдың 25 наурызына жоспарланып отыр.