Жаңалықтар

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

ашық дереккөзі

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ақын-жазушылар, жамбылтанушылар және қоғам қайраткерлері қатысты. Сонымен бірге, Жамбыл облысынан арнайы делегация келді. Ақынның аты берілген облыста да мерейтойға арналған үлкен кешенді жоспар бар.