Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан
ашық дереккөзі
Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың бірінде 39 жастағы сауна әкімшісі пайдакүнемдік мақсатта келушілерге жеңіл жүрісті қыз ұсынып отырған", - деп жазылған хабарламада. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.