Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты
ашық дереккөзі
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты шеберлері жасаған", - деп түсіндірді Жапаров. Қырғызстанның жаңа президенті 24 және 25 ақпанда мемлекеттік сапармен Ресейде болды. Ол Ресей басшысы Владимир Путинмен, премьер-министр Михаил Мишустинмен, сондай-ақ Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенкомен және Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володинмен кездесулер өткізді. Айта кетейік, Владимир Путин Садыр Жапаровпен кездесу барысында Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескерткен болатын. "Сіздің орыс тілінің мемлекеттік мәртебесін сақтағаныңыз екі елдің қарым-қатынасы үшін аса маңызды екенін айтқым келеді. Бұл бізге де, Қырғызстан азаматтары үшін де маңызды, өйткені Ресейдің еңбек нарығына кіруді жеңілдетеді. Өз тарапымыздан қырғызстандықтардың Отанында орыс тілін үйренуге жағдайға жасау үшін бәрін жасаймыз. Жоспарлар бар", - деді Путин.