Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды
Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды
"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км жерде мәжбүрлі түрде қонды.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Ұшақ бортында 5 адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.