Жамбыл Жабаев - 175: Киевте поэзия кеші өтті

Жамбыл Жабаев - 175: Киевте поэзия кеші өтті

Жамбыл Жабаев - 175: Киевте поэзия кеші өтті
ашық дереккөзі
Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы Елшілігімен бірге Жамбыл Жабаев атындағы көпшілік кітапхана ғимаратында поэзия кешін өткізді. Іс-шараға қатысушылар Ж.Жабаевтың қазақ, украин және орыс тілдеріндегі өлеңдерін - «Тарас», «Алатау», «Ұлыма жауап» және тағы басқа шығармаларын жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді. Сонымен қатар, қазақ тағамдарымен шай дастарханын ұйымдастырды. Жалпыға мәлім, биыл Қазақстан Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді. Киев көшелерінің бірі оның құрметіне аталған және «Нивки» саябағында ескерткіш орнатылған.