«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады
ашық дереккөзі
Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі Комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланған комитеттің бұрынғы басшысы Павел Казанцевке алғысын білдірді.